Powerexpo Astana 2022 энергетикалық секторын дамытудың перспективалық бағыттары
25-27 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында жаңа локацияда алғаш рет өтетін «Энергетика және энергетикалық машина жасау» Pоwerexpo Astana 2022 9-шы Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді. Экспозиция Қазақстанның заманауи мамандандырылған көрме алаңы – «EXPO» ХКО-да ашылады.
Елордалық салалық іс-шара электротехника, энергияның баламалы көздері, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, кәбіл-өткізгіш өнімдер, жарықтандыру, өнеркәсіптік жарық техникасы сияқты бөлімдермен ұсынылады. 2022 жылғы экспоненттер Германия, Қазақстан және Ресей компаниялары болып табылады. Халықаралық энергетика агенттігінің деректері бойынша соңғы 5 жылда Қазақстанда энергия тұтыну 27% - ға өсті, сала жаңа Қазақстанның табалдырығында қайта құру және трансформация сатысында тұр. Алғаш рет стендпен Ақтау ГорСервис агенттігі, Kartel Group, Псков күштік трансформаторлар зауыты, GINDUMAC GmbH, TasCom Supply & Services сияқты жаңа компаниялар өнер көрсетеді.
Отандық «Karadel Group» металл құрылғыларының өндірушісі жоғары және төмен вольтты электр беру желілері үшін металл бұйымдарын, құрылыс және жылу энергетикасы үшін металл құрылымдарын, тау-кен саласы үшін металл бұйымдарын ұсынады. GINDUMAC Тобы Халықаралық компаниясы металл өңдеуге, табақ металдар мен пластмассаларды өңдеуге арналған жабдықтарды ұсынады.
Экспо-шаралардың жұмыс күндері дәстүр бойынша тақырыптық семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтеді. «Энергомера» компаниясы электр энергиясын есепке алу саласындағы заманауи шешімдерге арналған семинар өткізеді. Көрменің алғашқы күні, 25 мамырда «Қазақстанда BIM технологияларды дамыту. Проблемалар және шешу жолдары» атты Дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелде өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды, құрылыстар мен олардың инженерлік жүйелерін жобалау кезінде цифрлық технологияларды қолдану, сондай-ақ оларды нақты объектілердің үлгісінде табысты қолдану мәселелері қаралатын болады. Сарапшылар ерте жобалау кезеңіндегі BIM технологиялардың артықшылықтары, нысандарды іске асыру кезінде цифрлық шешімдерді енгізу, BIM-стандарт бойынша ұйымдардың жұмысы және BIM-технологияларды пайдаланудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілері туралы айтып береді. Спикерлер қатарында «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «DIPCO» ЖШС, «KAZGOR» ЖА өкілдері сөз сөйлейді.
Сонымен қатар, бір алаңда 10-шы мерейтойлық Қазақстандық халықаралық конференция мен Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік көрмесі - KIOSH 2022 және 22-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер көрмесі AstanaBuild 2022 өтеді.
Шараны ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Іс-шараларға жыл сайын ресми қолдауды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі көрсетеді.
Көрме туралы толығырақ ақпаратты және қатысушылар тізімін іс-шараның сайтынан табуға болады: www.powerexpoastana.kz