Көрме туралы
Powerexpo Astana Қазақстандық халықаралық көрмесі энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау саласындағы жабдықтарды, технологияларды және қызметтерді көрсететін негізгі астаналық алаң болып табылады.
Астана қаласы көрме өткізілетін жер ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Астананы көшіргелі бері, қала еліміздің аймақтары арасында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, инфрақұрылымдық даму және нақты секторға инвестиция тарту көлемі бойынша жетекші позицияларды ұстап тұр.
Нақ Астанада министрліктердің және мекемелердің, “Самұрық Қазына” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ, “Қазақстан темір жолы” АҚ, “KEGOC” АҚ және басқа да ірі қазақстандық және шет елдік кәсіпорындардың кеңселері орналасқан.
Powerexpo Astana жобасы ресми түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі; “Самұрық Энерго” АҚ; Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы “KEGOC” АҚ; Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы - ҚЭҚ; Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы тарапынан қолданады.
Powerexpo Astana көрмесіне қатысуға ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері, монтаждық және жобалық-конструкторлық ұйымдар; электротехникалық жабдықтардың; кабелді-өткізгіш өнімдердің; басқару, байланыс, релелік қорғаныс және автоматика жүйелерінің; диагностика және өлшеу құралдардың; жарық техникалық өнімдердің өндірісшілері және жеткізушілері шақырылады.
2024 жылы Powerexpo Astana көрмесі жетекші AstanaBuild құрылыс және интерьер көрмесімен бір көрме алаңында өтеді. MachExpo Kazakhstan - “Машина жасау, Білдек жасау және Автоматтандыру” секторы Powerexpo Astana көрмесі аясында бір бөлім ретінде ұсынылады. Көрмелерді бірге өткізу, әлбетте, мақсатты келушілердің максималды санын тартуға мүмкіндік береді.
Жыл сайынғы көлемді іскерлік бағдарлама мамандарды өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған жаңа жабдықтармен және технологиялармен таныстырады.
Powerexpo Astana келушілері - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан қалаларынан арнайы шақырылған делегацияларды қамтитын кәсіби аудитория, оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың және мекемелердің өкілдері, ЖЭК кәсіпорындарының және инженерлік-техникалық қызметтердің басшылары; АЭК, ЖЭО, ГЭС басшылары, түрлі салалардағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық шаруашылықтардың бас инженерлері және энергетиктері; жобалаушы, құрылыс, монтаждық ұйымдардың өкілдері; көліктік, сервистік және сауда кәсіпорындарының мамандары бар.